Конституциялық реформаны түсіндіру жалғасуда
30.05.2022«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы салалық кәсіподақ құрамындағы Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.
Кездесуге мекеменің 20 қызметкері, кәсіподақ төрайымы Молдабекова Гүлнұр Орынбасарқызы қатысты.
Кездесуде «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша ҚР Конституциясының 31 бабына түзету және 2 жаңа баппен толықтыру енгізу туралы филиал төрағасы С.Әуесханов ақпараттық-түсіндірме беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен бірге 5 маусым күні өткізілгелі отырған республикалық референдумға белсенді қатысып, дауыс беруге шақырды.