Жамбыл облысының еңбек ұжымдары референдумды қолдайды
20.05.2022ҚР Кәсіподақтар Федерациясының Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша республикалық штабтың төрағасы Нұрлан Өтешов «Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігімен және «Алтыналмаз» АҚ Ақбақай филилының қызметкерлері сонымен қатар облыстық мәдениет саласының қызметкерлерімен онлайн форматта түсіндіру жұмыстары бойынша кездесу өткізді.
Кездесуді ашқан республикалық штабтың жетекшісі, ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев кәсіподақтар үшін алдағы конституциялық реформаның маңыздылығын атап өтіп, ұсынылып отырған кейбір жаңа нормалардың мазмұнына тоқталды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 бабына өзгерістер енгізу жоспарлануда. Атап айтқанда, жер мен табиғи ресурстардың иесі халық екендігі туралы нормалар әлеуметтік әділеттілік қағидатына негізделген қоғамдық – саяси маңызы бар қадам болып табылады. Сонымен бірге, конституциялық реформаның нәтижесінде биліктің заң шығарушы тармағы айтарлықтай өзгерістерге ұшырайды. Мысалы, президенттің өкілеттігі қысқартылады, Парламенттің рөлі мен мәртебесі едәуір күшейтіледі», – деп атап өтті Нұрлан Өтешев.
Оның айтуынша, Конституцияға ұсынылған түзетулер әрбір азаматтың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін қорғауға, сондай-ақ қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған.
«Біздер конституциялық реформаны азаматтарымыздың мемлекетті басқаруына қатысу мүмкіндіктерін кеңейтеді деген үміттенеміз. Осыған байланысты біз әрбір жұмыскердің лайықты өмір сүріп, елдің әлеуетін арттыру үшін кәсіподақ мүшелерін алдағы референдумға белсенді қатысуға шақырамыз», – деді республикалық штаб жетекшісі.
Өз кезегінде «Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы, облыстық штабтың төрағасы Бағлан Қарашолақов облыстық штабпен өңірлік жоспар бекітілгенін және өңірдің еңбек ұжымдарында, сондай-ақ әлеуметтік желілерде конституциялық реформаны түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
Жиынға қатысқан «Алтыналмаз» АҚ Ақбақай филилының және облыстық мәдениет саласының қызметкерлері аталған өзгерістерді толық қолдайтындарын білдіріп, референдумға баратындарын бір ауыздан жеткізді.