Ақмола облысының аудандық кәсіподақ ұйымдарында жұмыс сапарлары өтті
20.05.2022«Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов пен «Қызмет» салалық кәсіподағының орынбасары Атақозы Нұрланов жұмыс сапарымен Ақмола облысының аудандық кәсіподақ ұйымдарында іссапармен болды.
Ағымдағы жылдың 16 мамырында Атбасар ауданында есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Кездесу аудан әкімі аппаратында өтіп, оған Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов пен кәсіподақ мүшелері қатысты.
Кездесу барысында «Қызмет» салалық кәсіподағының Төрағасы Мирболат Жақыпов қатысушыларды «Қызмет»салалық кәсіподағының қызметі туралы хабардар етті.
Біздің «Қызмет» салалық кәсіподағымыз 92 мыңнан астам кәсіподақ мүшелерін біріктіреді. Біздің басты міндеттерімізді орындай отырып, біз кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасыларының денсаулығын сақтау, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және қолайлы еңбек жағдайларын жасау, кәсіподақ бірлігін нығайту, кәсіподақ мүшелерінің санын арттыру, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің арасында оның имиджі мен тартымдылығын арттыру жөніндегі жұмыстарды мақсатты түрде жалғастырамыз»,-деп атап өтті Мирболат Жақыпов.
Сондай-ақ, Мирболат Жақыпов пандемия кезіндегі «Қызмет» салалық кәсіподағының қызметіне тоқталды.
Жергілікті жерлердегі кәсіподақтың барлық мүшелері ұжымдардағы әлеуметтік шиеленісті азайту бойынша күш біріктіріп, пандемия кезінде кәсіподақтың әрбір мүшесіне қамқорлық көрсетіп, өздерінің ұйымшылдығын көрсетті. Белсенділер мен еріктілер кәсіподақ мүшелеріне нақты материалдық және әлеуметтік көмек көрсетіп, бетперде тігу және тарату, қорғаныс костюмдерін сатып алу, блокпост қызметкерлері үшін ыстық тамақ, ардагерлер мен халықтың аз қамтылған топтарына азық-түлік себеттерін және т.б. ұйымдастырды.
Жалпы, «Қызмет» салалық кәсіподағы» тарапынан БІЗ БІРГЕМІЗ!» бірыңғай акциясы аясында жалпы сомасы 7 млн.теңгеге көмек көрсетілді.
«Кәсіподақ қызметінің маңызды бағыттарының бірі өз қатарларын нығайту болып табылады. Ағымдағы жылдың 5 айында салалық кәсіподақ саны 2 402 адамнан тұратын 47 жаңа бастауыш ұйыммен толықты. Ақмола (+47) облыстық филиалында да оң динамика бар. Бұл-біздің кәсіподақтың тартымдылығының, бізге деген үміт пен сенімнің көрсеткіші! Біз оны бағалап, ақтауымыз керек!»,- деп атап өтті Мирболат Жақыпов.
Сондай-ақ, ол әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды.
Кәсіподақтар федерациясы 2022 жылды әлеуметтік әріптестік жылы деп жариялады. Жыл басынан Орталық кеңес пандемияға байланысты 2021 жылы аяқтау мүмкін болмаған салалық келісімдерге қол қою бойынша белсенді жұмысты бастады.
Ағымдағы жылдың 18 наурызында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен «Қызмет» салалық кәсіподағы арасында 2022-2024 жылдарға арналған Салалық келісімге қол қойылды.
«2022 жыл: «Әлеуметтік әріптестік жылы» деп жарияланды – бізге кәсіподақ қозғалысының бүкіл әлеуетін, жұмыс берушілермен, әлеуметтік әріптестермен Салалық келісімдер мен ұжымдық шарттар арқылы қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау бойынша кәсіподақ мүшелері-қызметкерлерінің игілігі үшін ынтымақтастықты нығайту үшін профактивтің беделін барынша пайдалану қажет деп ойлаймын. Бұл жұмысты біз жыл бойы белсенді түрде жалғастыруымыз керек», – деді Мирболат Жақыпов.
Сөз соңында «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы ағымдағы жылдың 5 маусымында референдум өткізу мәселелеріне тоқталды.
«Өткен жылы республикамыздың 30 Тәуелсіздігін атап өттік. Біз мемлекет құрдық, шекарамызды бекіттік, жаңа елорданы салдық, экономиканың жаңа салаларын аштық, күрделі реформалар жүргіздік, жалпы халқымыздың әл-ауқатын жақсарттық. Алдағы референдум-бұл еліміз үшін маңызды оқиға және маңызды қадам, 5 маусымда референдум арқылы біз Ата заңымызға өзгерістер енгізетін боламыз. Бұл күні бәріміз дауыс беруге баруымыз керек –бұл біздің конституциялық парызымыз»,-деп атап өтті Мирболат Жақыпов.
Бұдан әрі «Қызмет» Ақмола облыстық филиалының төрағасы Боранбай Бегалин» Ақмола облыстық филиалының жұмысы туралы ақпарат берді.
«Қазіргі уақытта облыстық салалық кәсіподақ 191 бастауыш кәсіподақ ұйымдарын біріктіреді, облыстың 17 ауданы мен қаласында 3681 адамнан тұратын аудандық қалалық кәсіподақ комитеттері құрылды. Бүгінде облыс әкімі аппараттарында, мәслихаттарда, облыстық мемлекеттік органдарда, медициналық-әлеуметтік және басқа да мекемелерде бастауыш кәсіподақ комитеттері белсенді жұмыс істеуде.
Қазіргі таңда облыстық кәсіподақ «Қызмет» кәсіподағына қала, аудан, ауылдық округ әкімдіктерінің құрамына кіретін барлық бөлімдер мен құрылымдарды тарту бойынша жұмыс істеуде. Біздің облыстық филиал департаменттердің, басқармалардың және басқа да мемлекеттік мекемелердің басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру бойынша ұжымдармен кездесулер өткізеді. Жыл басынан бері 47 адамнан тұратын 2 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды», – деді Боранбай Бегалин.
Сондай-ақ, Боранбай Бегалин кәсіподақ мүшелерінің балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға және кәсіподақ мүшелерін санаторийлерде сауықтыруға қатысты сұрақтарына жауап берді.
Есеп беру-сайлау конференциясы мен профактивпен кездесу барысында Орталық Кеңес атынан Мирболат Жақыпов Атбасар ауданының профактивистеріне алғыс хаттар, құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар табыс етті.
Сондай-ақ, дәл осы күні Жақсы ауданының аппаратында профактивпен кездесу және есеп беру-сайлау конференциясы өткізілді.
Кездесу Жақсы ауданының әкімі Кадралина Алмагүл Аманжолқызының қатысуымен өтті.
Кездесу барысында «Қызмет» салалық кәсіподағы қызметінің қорытындылары қаралып, ағымдағы жылдың жоспарлары айтылды. Алғыс хаттар, құрмет грамоталары және бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Осындай кездесулер мен есептік-сайлау конференциялары ағымдағы жылдың 17 мамырында Есіл және Жарқайың аудандары әкімдерінің аппаратында өтті.
Оған Есіл ауданының әкімі Баяхметов Еркебұлан Еркешұлы қатысып, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау бойынша атқарған еңбегі үшін алғыс білдіріп, «Қызмет» салалық кәсіподағының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Жарқайың ауданын аралау барысында аудан әкімі Хамитов Жанболат Камериданұлына кәсіподақ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында жүргізіліп жатқан жұмыстары үшін алғыс белгісі ретінде «Кәсіподақ қайраткері» медалі табыс етілді.
Сондай-ақ кәсіподақ қозғалысының белсенділеріне алғыс хаттар, құрмет грамоталары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Айта кету керек, жоғарыда аталған аудандардың есептік-сайлау конференцияларын өткізу барысында «Қызмет»салалық кәсіподағының аудандық ұйымдарының жаңа төрағалары сайланды:
– Атбасар аудандық филиалын кәсіподақ мүшесі, аудан әкімінің ТКШ жөніндегі орынбасары – Марат Сабырұлы Асқаров басқарды;
– Жақсы аудандық филиалын кәсіподақ мүшесі, Ақмола облысы «Жақсы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Капылова Татьяна Борисовна басқарды.;
– Есіл аудандық филиалын кәсіподақ мүшесі, Ақмола облысы Есіл аудандық мемлекеттік мекемелерінің төрағасы Сәдуақасов Іслямбек Сақтапбергенұлы басқарды.
– Жарқайың аудандық филиалын кәсіподақ мүшесі, «Жарқайың ауданы әкімінің аппараты»ММ персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы Сейфоллақызы Әсия басқарды.
Жаңадан сайланған кәсіподақ көшбасшыларына «Мемлекеттік қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісі табыс етілді.
Жалпы жұмыс сапары өнімді сипатқа ие болды, жергілікті жерлердегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысымен танысуға мүмкіндік берді, алдағы кезеңге нақты міндеттер қойылды.
Сондай-ақ, Мирболат Жақыпов Орталық Кеңестің атынан және жеке өз атынан алдыңғы кәсіподақ көшбасшыларына атқарған жұмысы үшін, ал жаңадан сайланған кәсіподақ көшбасшыларына алғыс айтып, жұмыста, кәсіподақ қызметінде және барлық бастамаларында амандық пен табыс тіледі.