Әрбір қызметкер еңбек құқығы туралы нені білуі керек
19.05.20222022 жылдың 18 мамырында «Қызмет» салалық кәсіподағының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының шақыруымен, ҚР Кәсіподақтар федерациясы жанындағы Құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің сарапшысы Әсел Молдағалиева «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелері үшін ҚР еңбек заңнамасының кейбір ережелерін түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Кездесуге Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының басшылық құрамы мен қызметкерлерінен барлығы 85 адам қатысты.
Жиналыс «Сұрақ-жауап» форматында, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің түсіндірмесі бойынша, Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 7-тарауы «Тынығу уақыты» (ҚР Еңбек кодексінің 80-100-баптары) қолданыстағы заңнамасын орындауға сәйкес қызметкер мен жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері бөлігінде өтті.
Сондай-ақ кездесу барысында тынығу түрлері, еңбек демалыс түрлері: еңбек және әлеуметтік, мерекелік және демалыс күндері, курорттық емдеу туралы түсіндірмелер берілді.
Қызметкерлердің әлеуметтік демалыстарына ерекше назар аударылды. Декрет кезеңіндегі еңбек өтілінің сақталуы, еңбек демалысы және емдік жәрдемақы төлемдерінің мөлшері, жұмысқа қабылдау туралы бұйрыққа және қызметкердің қалауына сәйкес демалыс кестесі және жұмыс берушінің қызметтік қажеттілік пен өндіріс қаупінсіз жазғы кезеңде демалыс беру құқығы туралы айтылды.
Сондай – ақ, сарапшы А. Молдағалиева «ZAN CLINIQUE» Заң клиникасы ҚР Кәсіподақтар федерациясының мүшелері үшін ақысыз негізде кез келген әлеуметтік-маңызды мәселелер бойынша кеңес беретіндігі туралы байланыс ақпаратын жеткізді.
Кездесу қорытындысы бойынша осы ұйымның қызметкерлері мен жұмыс берушілері Әсел Молдағалиеваға еңбек заңнамасы саласындағы пайдалы ақпараты үшін алғыс айтып, негізгі еңбек шартына қосымша, тараптардың келісімі бойынша барлық мәселелерді шешуге ниет білдіріп, қаралған мәселелердің практикалық құндылығын атап өтті.
Барлық қойылған сұрақтар бойынша спикер толық жауаптар берді.