Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам

Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам

19.05.2022 Off By Администрация сайта

Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында «Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам» тақырыбында жиын өткізілді.
Жиынға басқарманың 35 қызметкері, басқармасы басшысының орынбасары Тағаев Бауыржан Кенжеұлы және кәсіподақ төрағайымы Әсембекова Раушан Әсілбекқызы қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізу бойынша Мәлімдемесімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен таныстырып, ҚР Конституциясының баптарына түзету және жаңа баппен толықтыру енгізу жөнінде терең түсіндірме беріп, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы халықты дұрыс ақпараттандыруға және еліміздің азаматтарына ұсынылып отырған реформаларды түсіндіруге белсенді қатысу ниетін білдіріп, ақпараттық-түсіндіру жұмысына белсене кірісіп, атсалып жатқанын айтты.
Заңнамалық өзгерістерге жалпыхалықтық дауыс беру – әрбір қазақстандықтың саяси бағытты қалыптастыруға қатысу құқығын және өз елінің болашақ тағдыры үшін жауапты шешім қабылдау құқығын айқындайтын тарихи әділеттілік актісі, бұл Жаңа Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам екенін атап көрсетті.
Негізгі Заңға ұсынылып отырған өзгерістер мен толықтырулар әрбір азаматтың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті қорғауға бағытталған.
Бүкіл әлем үшін қиын-қыстау кезеңде қазақстандықтар бірігіп, азаматтық ұстанымын танытып, алдағы референдумға белсене қатысуы тиіс.
Жиын соңында басқарма басшысының орынбасары Б.Тағаев Мемлекет басшысының Қазақстан Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша республикалық референдум өткізу туралы бастамасын қолдайтынын айтып, 5 маусым күні өтетін республикалық референдумға мекеме қызметкерлері толық дауыс беруге қатысады деп сенім білдірді.