Конституцияға өзгеріс енгізуді қолдаймыз
18.05.2022«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Тұрғын үй басқармасының ұжым мүшелерімен кездесіп, республикалық референдумда дауыс беруге қойылып отырған Конституциялық реформа жөнінде әңгіме жүргізді.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен таныстырып, Конституцияның баптарына толықтыру енгізілетін тұстарына тоқталып өтті.
Жиналысқа басқарманың 25 қызметкері және басқарманың орынбасарлары Бакиров Ержан қатысып, 5 маусым күні өтетін республикалық референдумды қолдап, ұжым қызметкерлерін өз таңдаулары бойынша дауыс беруге шақырды.