Конституциялық реформа бойынша түсіндірме берілді

Конституциялық реформа бойынша түсіндірме берілді

18.05.2022 Off By Администрация сайта

«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы салалық кәсіподақ құрамындағы Шымкент қаласы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-сі бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.


Кездесуге Дін мәселелерін зерттеу орталығының 10 қызметкері, басшысы Амангелдиев Балталы Шажалыұлы, кәсіподақ төрайымы Шетенова Гүлмира Бектайқызы қатысты.
Күн тәртібінде қаралған негізгі мәселе – «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізіп, қызметкерлердің сұрақтарына жауаптар берілді.
Сонымен бірге 5 маусым күні өткізілгелі отырған республикалық референдумға белсенді қатысып, дауыс беруге шақырды.
Мекеме басшысы Б.Амангелдиев қорытынды сөз сөйлеп, ата заңға енгізілгелі отырған өзгерістер мен толықтырулардың өзектілігіне тоқталып, республикалық референдум өтетін күні барлық қызметкерлердің бір кісідей дауыс беруге қатысатынына сенім білдірді.