Саяси реформалардың ерекшеліктері мен бағыттары кәсіподақ мүшелерінің назарына жеткізілді

Саяси реформалардың ерекшеліктері мен бағыттары кәсіподақ мүшелерінің назарына жеткізілді

17.05.2022 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№4 арнаулы қызметтер көрсету орталығы» КММ-сі бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өткізіп, «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасымен таныстырып, саяси реформалардың ерекшеліктері мен бағыттарына тоқталып:

-Президент өкілеттіктерін шамадан тыс шоғырландырудан бас тарту;

– Парламентті күшейту;                                       

– Саяси партияларды тіркеу рәсімін оңайлату;

– Сайлау процессін жаңғырту;

– Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдары;

– Азаматтардың іргелі құқықтарын қорғау;

– Конституциялық сот;

– Сот және құқық қорғау жүйелерін жетілдіру;

-Азаматтық қоғам институттары мен БАҚ рөлін күшейту;

–  Жерге иелік ету.

   Кездесуге мекеменің 25 қызметкері және кәсіподақ төрайымы Қарымсақова Жанар қатысты. 

  Кәсіподақ төрайымы Ж.Қарымсақова 5 маусым күні өтетін республикалық референдумды қолдап, ұжым мүшелерін өз таңдаулары бойынша дауыс беруге шақырды.