Кәсіподақтар жаңа  Қазақстан  үшін

Кәсіподақтар жаңа Қазақстан үшін

16.05.2022 Off By Администрация сайта

2022 жылдың 11 мамыры күні Қазақстан Республикасы Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсынылған референдумға қатысуды талқылау мақсатында «Қызмет» Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы, Орал қалалық штабының төрағасы С.Сүлеймен  Батыс Қазақстан өңірлік электр желілері компаниясының кәсіподақ мүшелерімен кездесті. Кездесу мақсатында штаб төрағасы Конституциялық реформаның тұжырымдамалық негіздері мен ерекшеліктеріне, бағыттарына, Конституцияға енгізілген түзетулердің тарихына тоқталып, ұжым қызметкерлеріне түсініктер беріп, референдумға жаппай қатысуға шақырды.