Атқару кеңесінің отырысы өтті

Атқару кеңесінің отырысы өтті

03.05.2022 Off By Администрация сайта

«Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалының атқару комитетінің отырысы өтті.

Атқару кеңесінің отырысында «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Қызылорда облыстық филиалында 2021 жылы және  2022 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы баяндалып, алда атқарылатын жұмыстар нақтыланды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының ұйымдастыруымен өткізілетін «Үздік ұжымдық шарт» республикалық байқау ережесімен таныстыра отырып,  белсенді қатысуға шақырылды, Облыстық кәсіподақтың «Еңбек озаты» медалінің Ережесі, шипажайда денсаулығын сауықтырған кәсіподақ мүшелеріне берілетін өтемақы мөлшері бекітілді. Отырыс соңында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары өзара іс-тәжірибелерімен бөлісті.