1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесі

03.05.2022 Off By Администрация сайта

1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні» деп жарияланып, 1996 жылдан бастап жыл сайын тойланып келеді.
«Бірлік бар жерде, тірлік бар» – демекші, бүгін Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, аталған мереке барлық әлеуметтік орталықтарда түрлі мерекелік және қайырымдылық іс-шаралары өткізілген.
Солардың бірі – Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Асқар Амантайұлы Үсенбаев бастаған кәсіподақ комитетінің белсенді мүшелерінің ұйымдастыруымен қайырымдылық және мерекелік концерттік іс-шарасы өтті.
Іс-шараға қала әкімшілігінен және арнайы келген қонақтар мен әлеуметтік орталықтың қызмет алушылары қатысты.
Еңбегі еленген біршама мекеме қызметкерлері алғыс хаттармен марапатталды.
Іс-шара Оңтүстікке белгілі эстрада әншілерінің мерекелік ән шашу бағдарламасына ұласты.