«Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінде» өткен кездесу

«Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінде» өткен кездесу

29.04.2022 Off By Администрация сайта

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мемлекеттік архиві» КММ-де «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне» орай, «Еңбек қатынастары» тақырыбында мекеме кәсіподақ ұйымының төрайымы Камиля Ералықызы Байтулешова және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың ұйымдастыруымен кездесу өткізілді.

Кездесуге мекеменің қызметкерлері, мекеме директоры Айпар Шажалықызы Амангельдиева және «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары Руслан Ермаханбетұлы Ақжігітов қатысты.

Кездесу барысында қалалық кәсіподақ өкілдері жұмыскерлерді мерекемен құттықтап, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясымен 2021 жылы басталған «Қалың қалай – бастауыш ұйым?» акциясы биыл да жалғасын табуда деп, ал биыл Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы 2022 жылды «Әлеуметтік әріптестік жылы» деп жариялап, жергілікті жерлердегі мекемелердегі жұмыскерлердің және жұмыс берушілердің жағдайымен, жетістіктері мен өзекті мәселелерімен танысып, әрі қарай жақсарту мақсатындағы игілікті істер жалғасып жатқандығын айтты.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабарлама жасап, «28 сәуір – Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні» туралы ақпараттар берді.

Жиын барысында кәсіподақ мүшелерінің сұрақтарына жауаптар берілді.

Жиын соңында Шымкент қалалық мемлекеттік архивінің директоры А.Амангельдиева кәсіподақ өкілдеріне жұмысшылардың мүддесін қорғауда кәсіподақ жұмысының рөлі ерекше екенін атап өтіп, алдағы уақытта қызметкерлердің мәртебесін көтеруде бірігіп жұмыс атқаратындығын айтып қорытындылады.