«Халық бюджеті» байқауының қорытындысы шығарылды

«Халық бюджеті» байқауының қорытындысы шығарылды

18.04.2022 Off By Администрация сайта

Нұр-Сұлтанда «Халық бюджеті» байқауының қорытындысы шығарылды.

Осылайша, мүше ұйымдардың өкілдерінен құрылған Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Сараптамалық комиссиясы осы Жобаның жеңімпаздарын анықтады. Айта кету керек, кәсіподақтың «Халық бюджеті» жобасы кәсіподақ мүшелерінің бастамаларын анықтауға бағытталған.

Биыл жобаға деген үлкен қызығушылықты ескере отырып, Федерация жобаның бюджетін үш миллион теңгеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылдады.

«Халық бюджеті» байқауына қатысуға бастауыш кәсіподақ ұйымдарынан 23 өтініш түсті.

Оның ішінде: Салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағынан – 13,

«Қызмет» салалық кәсіподағынан – 4, «Сенім» Денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағынан – 2, Қазпочта, Казпрофметалл салалық кәсіподағынан, Ақтөбе және Солтүстік Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығынан  бір-бірден үміткерлер қатысты.

Конкурс нәтижесі бойынша «Ақтөбе облысы әкімдігінің аппараты» ММ «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы – «Өзін-өзі дамыту кәсіптік орталығының» жобасы (жоба құны-3 000 000 (үш миллион) теңге) жеңімпаздардың бірі болып, ҚР Кәсіподақтар Федерациясының 1 000 000 (бір миллион) теңге мөлшеріндегі ақшалай грантына ие болды.

Сонымен қатар, кәсіподақ қозғалысына белсенді атсалысқандары үшін «Халық бюджеті» жобасының қатысушылары «Қызмет» салалық кәсіподағы Орталық кеңесінің төрағасы Мирболат Жақыповтың бұйрығымен дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Осылайша, «Ақтөбе облысы әкімдігінің аппараты» ММ бастауыш кәсіподақ ұйымы конкурсқа қатысушының дипломымен марапатталды және «Өзін-өзі дамыту кәсіптік орталығы» жобасын іске асыру үшін Орталық Кеңес оларға 1 000 000 (бір миллион) теңге бөлді. Өз кезегінде «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы бұл мақсатқа 1 000 000 (бір миллион) теңге бөлді.

Сондай-ақ, конкурсқа қатысушыларға дипломдар мен 100 000 (жүз мың) теңге ақшалай сертификаттары:

– Алматы қаласы бойынша филиалының «Медеу ауданы әкімінің аппараты» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымы – «Қызметкерлерді сауықтыру және денсаулығын қолдау» кәсіподақ жобасы;

– Алматы қаласы бойынша филиалы Әлеуметтік әл-ауқат Басқармасының «Аяла «әлеуметтік қызметтер орталығы» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымы – «Әлеуметтік қызметкерлердің кәсіби күйіп қалудың алдын алу» кәсіподақ жобасы;

– Қызылорда облыстық филиалының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымы – «Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету» кәсіподақ жобасы үшін берілді .

«Қызмет» салалық кәсіподағының Орталық Кеңесі «Халық бюджеті» конкурсының жеңімпаздары мен қатысушыларын құттықтап, олардың барлық бастамаларына табыс тілейді!