«Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов пен Денсаулық сақтау Министрі Ажар Ғинияттың кездесуі өтті
25.03.2022Денсаулық сақтау министрлігінің аппаратында өткен кездесу барысында бастауыш кәсіподақ ұйымын құру мәселелері талқыланды.
Осы мәселені талқылай келе, «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов қазіргі уақытта кәсіподақ ұйымдары ҚР Президентінің Әкімшілігінде, көптеген министрліктер мен ведомстволардың аппараттарында, мемлекеттік басқару академиясында, облыстардың, қалалар мен аудандардың барлық әкімдіктерінде, басқа да мемлекеттік мекемелер мен әртүрлі меншік нысанындағы ұйымдарда жұмыс істейтінін атап өтті. Салалық «Қызмет» кәсіподағы жалпы саны 92 мыңнан астам кәсіподақ мүшелерін құрайды.
Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев ағымдағы жылғы 16 наурызда «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты халыққа Жолдауында «ел алдында тұрған міндеттер мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейтуді, реформаларды дайындау мен іске асыруға қоғамдық ұйымдар мен белсенділерді неғұрлым кең және терең тартуды, мемлеке пен қоғам арасындағы саналы және сындарлы әріптестік процесін іске қосуды талап ететінін» атап өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында және мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау, мәдени-спорттық, санаториялық-курорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізу мәселелерінде «Қызмет» салалық кәсіподағымен әлеуметтік әріптестік орнату бағытында Мирболат Жақыпов Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятқа министрлік аппаратында бастауыш кәсіподақ ұйымын құруды, ұжыммен кездесу өткізуді, өзара ынтымақтастық мәселелерін талқылауды ұсынды.
Сондай-ақ, жұмыс отырысы барысында медициналық-әлеуметтік мекемелердің дәрігерлері мен санитарларына қаржылық, әлеуметтік, білім беру және басқа да мәселелерді қарауға және шешуге көмек көрсету мәселесі қаралды. Атап айтқанда, Мирболат Жақыпов қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі құқықтық қайшылықтарға қатысты мәселелерді жеткізді. Осылайша, жоғарылатылған жалақыға жататын лауазымдар мен кәсіптердің тізбесі және оларды беру, қосымша ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы мен қысқартылған жұмыс уақытының ережелеріне әдіскерлер, логопедтер, психологтар, дефектологтар, бақылаушылар және т.б. кірмегенін айтты.
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде қосымша ақы төлеу немесе жұмыста «эмоционалды күйзеліс синдромының» қаупін азайту үшін практикалық шаралар қабылдау, дәрігерлердің өздері үшін тегін оңалту емі өткір мәселе болып табылады. Сондай-ақ, түзету және оңалту медициналық-әлеуметтік мекемелерде жұмыс істейтін медицина қызметкерлерін аттестаттаудың нақты ережелері жоқ. Мейіргер ісі мамандары үшін кәсіптік білім беру жүйесі жетілдіруді, сондай-ақ мейіргер мен кіші медперсоналдың денсаулығын қолдау мен нығайтуды және т. б. талап етеді. Кездесу барысында осы және басқа да маңызды проблемалық мәселелер қозғалды.
Жалпы, кездесу сындарлы сипатта өтіп, тараптар екіжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелері бойынша пікір алмасты.