Ана-гүл, Ана – жыр, Ана- өмір шуағы!
10.03.20228 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен орталық қызметкерлері арасында «Ана-гүл, Ана – жыр, ана- өмір шуағы!» атты жұптық байқау өтті. Байқаудың мақсаты ұжымда ынтымақтастық пен бірлікті арттыру, қызметкерлердің өнерін ұштап, шығармашылық қабілетін арттыру болды.
Байқауға қатысушылар «Ән – көңілдің ажары» еркін тақырыпта ән айту, «Монолог оқу» , «Би өнеріне саяхат» ұлттық би билеу, «Ой мен ойын» кезеңдері бойынша жарысқа түсті. Қатысушы жұптар көрермен қауымға ерекше көңіл-күй сыйлап, өнерлерін көрсетті. Олардың өнерін әділқазылар алқасы «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ ҚОФ төрайымы Сәуле Тұрсынбаева, орталық директорының әлеуметтік жұмыс жөніндегі орынбасары Дариға Утегенова, «Самұрық KIDS» орталығының би үйірмесінің жетекшісі Айгүл Жандосова бағалады.
Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Мақсат пен Гүлсім жұбы иеленсе, І орынды Медет пен Жанерке жұбы, ІІ орынды Бексұлтан мен Айгерім жұбы және Бақберген мен Зухра жұбы иеленді. Оларға дипломдар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.