«ЖАСТАР FEST-2022» байқауы

«ЖАСТАР FEST-2022» байқауы

24.03.2022 Off By Администрация сайта

Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді, өнегелі де өнерлі жастар. Сондықтан кәсіподақтағы жастардың белсенділігін арттыру, олардың шығармашылық әлеуетін ашып, әрі қарай дамуына ықпал етіп, ынталандыру мақсатында №1 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен орталықтың жастары арасында  «Жастар FEST-2022» – атты  байқауы өтті. Байқауға мекеменің шаруашылық, медицина және әлеуметтік сала жас қызметкерлерінен қатысқан «S.Stars»,  «Баянның балдары»,  «Нағыз  қазақ»  топтары таныстыру, өз  өнерін  көрсету, топтық қолөнер, пародия, сән үлгісін көрсетуден сайысқа түсті.  «Өнер – таусылмас қазына» демекші, жастардың көрсеткен өнерін әділқазылар алқасы «Қызмет» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ ҚОФ төрайымы Сәуле Тұрсынбаева, «Ұстаз мәртебесі» газетінің тілшісі Айдар Әділжанұлы және орталықтың кадр бөлімінің инспекторы Айгүл Баймырзаева бағалады.

Байқауда орталық қызметкерлері мен қызмет алушы көрермен қауым көтеріңкі көңіл-күй мен жақсы әсер алып, ән тыңдап, би, сахналық қойылым,  қолөнер бұйымдарын тамашалады.

Байқау қорытындысы бойынша «Қызмет» салалық облыстық кәсіподағының І дәрежелі дипломымен «Баянның балдары» тобы, ІІ дәрежелі дипломмен «S.Stars»,  «Нағыз қазақ» топтары марапатталып, бастауыш кәсіподақ ұйымынан қаржылай сертификаттар табысталды.