«Қош келдің, әз Наурыз!» атты  балалар арасында сурет байқауы өткізілді!

«Қош келдің, әз Наурыз!» атты балалар арасында сурет байқауы өткізілді!

22.03.2022 Off By Администрация сайта

«Қызмет» салалық кәсіподағы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Атқару комитеті Наурыз мерекесі қарсаңында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты балалар арасында сурет байқауын өткізді.

Конкурс 6 жастан 10 жасқа дейін және 11 жастан 14 жасқа дейінгі  жас санаттары бойынша бағаланды.

Байқауға «Қызмет» салалық кәсіподақ филиалы бастауыш кәсіподақ ұйымдары мүшелерінің 57 баласы қатысты.

Қазылар алқасының мүшелері 6 жастан 10 жасқа дейінгі санат бойынша  1-ші орынды Дана Рахманқұлова  берді. Екінші орынды Алуа Серік пен Мерей Маликова, ал үшінші орынды Кәусар Әмірбек,  Айсұлтан Қадылбек, Арман Құрымбаевтар бөлісті.

11-ден 14 жасқа дейінгі санат бойынша, 1-ші орынды Жасұлан Абит, 2-ші орынды Айлана Қуандықова, 3-ші орынды Әнел Абдрахманова  иеленді.

Ал, байқаудың бас жүлдесін қазылар алқасы бірауыздан 8 жасар Әсем Бексұлтановаға берді. Байқаудың барлық қатысушылары өздерінің жас ерекшеліктеріне қарамастан «Қош келдің, әз Наурыз!» тақырыбындағы өз жұмыстарын үлкен дайындықпен ұсынды.

Қатысушылар өз суреттерінде өздерінің шығармашылық қабілеттерін ғана емес, сондай-ақ ұсынылған әрбір суретте табиғаттың жаңаруы мен оянуын, бейбітшілікті, бірлікті, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуді, Жаңа жылдың басталуын бейнелейтін Наурыз-мейрамы мерекесінің ерекшеліктерін көрсете алды.

Жеңімпаздар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. Барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары берілді.