«Ұлттық киім-ұлтымыздың айнасы»!
18.03.2022Ұлыстың ұлы күніне орай Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің көрме залында «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы аясында “ Қолөнері-кілемде» атты музей қорында сақталған кілемдер көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Онымен қоса, 14 ақпан және 17 наурыз аралығында «Ұлттық киім-ұлтымыздың айнасы» сайысы ұйымдастырылған болатын. Бұл сайысқа “Қызмет” Салалық кәсіподағының Жезқазған аймақтық филиалының кәсіподақ мүшесі Жансая Оразбекова да қатысты.