«Қалай қалай, бастауыш ұйым?»
18.03.202217 наурызда «Қалай қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясы аясында Ақмола облысының Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына қарасты «Көкшетау қаласының Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ қызметкерлерінің бастауыш кәсіподақ ұйымымен онлайн кездесу өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева, «Қызмет «мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ төрағасы Мирболат Жақыпов қатысты.
Кездесу барысында «Көкшетау қаласы Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы С. Тазабаеваның және осы ұйымның басшысы К. Сандыбаевтың ақпараты тыңдалды.
«Қызмет» салалық кәсіподағының Төрағасы Мирболат Жақыпов Орталық қызметкерлеріне жауапты және күрделі жұмыстары үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ кәсіподақ комитеті орталық қызметкерлерінің жекелеген санаттарына сауықтыру жәрдемақысын төлеу туралы айтқан мәселелердің өзектілігін атап өтті.
«Бұл мәселе жылдар бойы қордаланып қалды. Оларды бір күнде шешу оңай емес. Алайда біз осы мәселемен айналысып жатырмыз. Негізгі және көмекші персонал деп бөліп-жармастан қызметкерлер санатының барлығын лайықты еңбек ақымен қамтамасыз ету үшін, біз осы мәселені түбегейлі шешуді жоспарлап отырмыз. Сондықтан осы мәселені орталық деңгейіне дейін көтеріп әлеуметтік әріптестермен бірге талқылаймыз», – деді Салалық кәсіподақтың төрағасы.
«Қызмет «мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Ақмола облыстық филиалының төрағасы Боранбай Бегалин өз саласының жұмысы туралы қысқаша ақпарат беріп, пандемия кезіндегі кәсіподақ мүшелерін қолдау шаралары туралы айтып берді.
«Қаржы жағынан қиыншылықтарға қарамастан біздер індетке қарсы күресте белгілі бір жұмыстарды істедік.Біздің өтінішіміз бойынша Салалық кәсіподақтың Орталық кеңесі қаржы бөліп, қорғаныш костюмі, бетперде, резина қолғаптар сатып алды. Облыстық филиал жол бекеттеріндегі қызметшілерге қысқа толқынды пеш, алғашқы қажеттілік тауарларын сатып алды.Аудандық кәсіподақ ұйымдары, бастауыш кәсіподақ ұйымдары коронавируспен ауырған кәсіподақ мүшелеріне материалдық көмек көрсетті», – деді Боранбай Бегалин.
Жиынды қортындылаған ҚР КФ төрағасының орынбасары Гүлнар Жұмагелдиева көтерілген мәселелердің өзекті екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл мәселе Кәсіподақтар федерациясының айрықша назарына алынған. Кәсіподақтар федерациясы өз тарапынан мәселені ілгерлетуге көмектеседі.
Гүлнар Жұмагелдиева жиынға қатысушыларға 2020-2023 жылдарға арналған ҚР КФ қызметі стратегиясындағы басты міндеттерді жүзеге асыру туралы айтып өтті.
«Бұл мәселелерді біз әлеуметтік әріптестіктің барлық алаңдарында көтеріп келеміз. Әлеуметтік әріптестермен бірлесе отырып біз Кәсіподақ туралы заңға және Еңбек кодексіне өзгертулер енгізу бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Парламенттегі депутаттар тобы бастамасымен заң жобасы әзірленді, онда еңбек заңнамасындағы еңбекті қорғау тұсын жетілдіру және еңбекке ақы төлеу деңгейін арттыру қарастырылған. Біз сондай-ақ осы заң жобасында қазіргі таңдағы өзекті әлеуметтік-еңбек мәселелерінің қоса реттелуін қарастырып жатырмыз», – деді Гүлнар Жұмагелдиева.
Онлайн-конференция аяқталғаннан кейін Б.Бегалин кәсіподақ активін келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, марапаттар мен ақшалай сертификаттарды табыс етті.