Ұлы күні Наурыз мейрамын атап өтті!

Ұлы күні Наурыз мейрамын атап өтті!

18.03.2022 Off By Администрация сайта

17 наурыз күні «Қызмет» салалық кәсіподағының Шығыс Қазақстан облысының филиалы аумақтық кәсіподақ орталығы және басқа да салалық кәсіподақтармен бірлесіп Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамын атап өтті. Мерекелік бағдарламада құттықтаулар, қазақ халқының дәстүрлері көрсетілді және мерекелік концерт қойылды. Қатысушыларға арналған арнайы дастархан жайылды. Онда наурыз көже, бешбармақ, бауырсақ, шелпек және басқа халқымыздың тағамдары болды.