Тараз қаласындағы №5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында «Супер келіншек» байқауы өтті
15.03.2022Байқауға бес нәзік жан иелері Ғалия Бекболатова, Замира Жақсылыкова, Ұлмекен Таштанова, Камила Тілеуова және Ұлдана Қыстауова қатысты.
Байқауда бес номинация: презентация, музыкалық байқау, би номерін көрсету, дефиле – қолдан жасалған киімдермен шығу және ұлттық тағамдар ұсынылды.
Қазылар алқасының құрамында «Қызмет» салалық кәсіподағының Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары Клавдия Сапожникова, Аманат» партиясының қалалық филиалының кеңесшілері Ботагөз Желден, Ақмарал Үсембаева және «Жамбыл-Тараз» газетінің журналисі Құралай Сейсенбекқызы болды.
Байқауға қатысушылар барлық номинациялар бойынша жоғары кәсібилік көрсетті. Жүзден жүйрік болып «Бас жүлдені» Камила Тілеубаева иеленді. 1-ші орын – Ғалия Бекболатоваға, 2-ші орын – Ұлдана Қыстауоваға берілді. Ал, 3-ші орынды Ұлмекен Тотанова мен Замира Жақсылықова бөлісті. Байқауға қатысушылардың барлығына естелік сыйлықтар табыс етілді.