Жамбыл облысында ұжымдық шартпен қамту деңгейі республикадағы ең жоғарғы көрсеткішке жетті

Жамбыл облысында ұжымдық шартпен қамту деңгейі республикадағы ең жоғарғы көрсеткішке жетті

14.03.2022 Off By Администрация сайта

ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешевтің қатысуымен Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.

Жиынға Үйлестіру кеңесінің мүшелері, салалық кәсіподақ ұйымдары филиалдары мен жергілікті кәсіподақ ұйымдары және бастауыш ұйымдарының төрағалары қатысты.

Жиынды Үйлестіру кеңесінің төрағасы, Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығының төрағасы Бағлан Қарашолақов ашты.

Бұдан кейін Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Бақтияр Қарауылов 2021 жылы атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

Оның айтуынша, кәсіподақтар бірлестігі 14 салалық кәсіподақ ұйымдарының жұмысын үйлестіріп отыр. Былтыр Үйлестіру кеңесінің 5 отырысы өткізіліп, күн тәртібінде жалақы қарызына жол бермеу, өндірістік жарақаттың алдын алу, Бастауыш кәсіподақ ұйымы жылы аясында жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарын ашу және өзге де мәселелер қаралға.