Салалық кәсіподақтың Орталық кеңесінің отырысы өтті
11.03.2022«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және халыққа қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Орталық кеңесінің отырысы өтті.
Онда салалық «Қызмет» кәсіподағының 2021 жылғы қызметінің қорытындылары және 2022 жылға арналған жұмыс жоспарлары, 2021 жылға арналған бюджеттің атқарылуы, салалық «Қызмет» кәсіподағының «Келешек» жастар Кеңесін құру туралы мәселесі және кәсіподақтың 2022 жылғы басым бағыттарын айқындайтын басқа да бірқатар мәселелер қаралды.
«Қызмет» Салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыпов қатысушыларды салалық кәсіподақтың 2021 жылғы қызметі туралы хабардар етіп, ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарларымен таныстырды.
«Өткен 2021 жыл оңай болған жоқ, ол коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты сынақтардың жалғасы болды. Салалық кәсіподақ барлық қиындықтарға қарамастан, кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасыларының денсаулығын сақтау, қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және санитарлық шектеулер жағдайында жұмыс істеу үшін қолайлы жағдайлар жасау, кәсіподақ бірлігін нығайту, кәсіподақ мүшелерінің санын ұлғайту, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлері арасында оның имиджі мен тартымдылығын арттыру жөніндегі жұмысты мақсатты түрде жалғастырып келеді. Біздің кәсіподақ өз қатарларын нығайтты, ұжымдардағы әлеуметтік шиеленісті азайту бойынша күш біріктіріп, пандемия және оның салдары кезеңінде кәсіподақтың әрбір мүшесіне қамқорлық көрсете отырып, өзінің тұтастығын көрсетті», -деп атап өтті Мирболат Жақыпов.
Кәсіподақтар федерациясы 2021 жылды Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жылы деп жариялады. Салалық кәсіподақтың филиалдары, жергілікті кәсіподақтар осы акция аясында үлкен жұмыс атқарды. Барлық кәсіподақ белсенділері мен кәсіподақ көшбасшыларының қызметі бастауыш топтарды нығайтуға, оларға құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. Өткен жылдың сәуір айында 1-ші республикалық онлайн-конференция өткізіліп, оған 2019-2021 жылдары жаңадан құрылған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен белсенділері, сондай-ақ филиалдар мен жергілікті кәсіподақтар төрағалары, барлығы 122 адам қатысты.
Бастауыш ұйымдардың қызметін, олардың еңбек ұжымдарындағы жұмыс тәжірибесін талқылауға, сондай-ақ кәсіподақ жұмысын жергілікті жерлерде белсендіруге бағытталған Өңірлік Форумдар өткізілді.
Түркістан филиалының ұйымдастыруымен Оңтүстік өңірдің форумы онлайн режимде, ал орталық, солтүстік, батыс және шығыс аймақтардың форумдары офлайн режимінде өтті.
Ақмола, Ақтөбе облыстық және Семей аумақтық филиалдарының аталған форумдарды дайындау және өткізу бойынша жақсы ұйымдастырушылық және әдістемелік жұмыстарын атап өткен жөн. Қатысушылар үшін семинар-тренингтер ұйымдастырылып, ұжымдармен, әлеуметтік серіктестермен және жұртшылықпен кездесулер өткізілді.
Қазан айында «Кәсіподақтың 2021 жылғы үздік бастауыш ұйымы»салалық байқау-конкурсының қорытындысы шығарылды. Байқауға филиалдар, жергілікті ұйымдар және орталық мемлекеттік органдар арасынан шыққан жеңімпаздар – барлығы 10 бастауыш кәсіподақ ұйымдары қатысты. Ұсынылған материалдар бойынша Қостанай облыстық филиалының жұмысы ерекше бағаланып, жеңімпаз атанды.
2021 жылы орталық, облыстық және қалалық мемлекеттік органдардың басшыларымен және жауапты қызметкерлерімен кездесулер өткізілді. Бұл кездесулерде кәсіподақ ұйымдарының қызметі және жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру мәселелері, сондай-ақ өңірлердегі кәсіподақ ұйымдарының проблемалары талқыланды.
Тамыз айында «Қызмет» салалық кәсіподағының төрағасы Мирболат Жақыповтың ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Ж. Шапкеновпен жеке кездесуі өтті, онда еңбек заңнамасындағы қайшылықтар мен олқылықтарға байланысты туындаған мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің проблемалық мәселелері талқыланды. ТЖМ, МҚІА, Еңбекмині, ЦДИАӨМ салалық келісімдерінің жобалары әзірленді. Желтоқсан айында Еңбекмині вице-министрінің төрағалығымен әлеуметтік әріптестік және салалық келісімдерге қол қою мәселелері бойынша бірыңғай ұстанымды әзірлеу мәселелері жөнінде мемлекеттік органдармен-әлеуметтік әріптестермен жұмыс кездесуі өтті.
«Филиалдардың, жергілікті кәсіподақтардың және бастауыш ұйымдардың жұмыс берушілермен әлеуметтік әріптестік шеңберінде белсенді жұмысы жалғасуда, бұл ұжымдық шарттар арқылы кәсіподақ мүшелері үшін әлеуметтік және экономикалық еңбек жағдайларын жақсартуға қол жеткізуге мүмкіндік береді, кәсіподақ қозғалысын оң қабылдау үшін жақсы алғышарттар жасалады.
Еңбек ұжымдарында жағымды моральдық-психологиялық ахуал сақталуда, еңбек жанжалдары мен дауларына жол берілген жоқ, жұмыс берушілермен және әлеуметтік әріптестермен өзара іс-қимыл жолға қойылды, ұжымдық шарттар жұмыс істейді және жұмыскерлер-кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік-еңбек құқықтары сақталуда. Мүше ұйымдар кәсіподақ имиджін жаңарту, кәсіподақ қатарына жас және белсенді азаматтарды тарту және кәсіподақтарды басқаруға бастамашыл көшбасшыларды ұсыну бойынша жұмыс жүргізуде. Кәсіподақ ұйымдарының жыл сайын жұмысшы жастармен толығып жатқаны өте қуантады», – деді Мирболат Жақыпов. «ҚР Кәсіподақтар федерациясы 2022 жылды «Әлеуметтік әріптестік жылы» деп жариялады. Әлеуметтік әріптестік кәсіподақ жұмысының маңызды бағыты. Салалық келісімдер мен ұжымдық шарттар арқылы жұмыскерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғау бойынша кәсіподақ мүшелерінің игілігі үшін жұмыс берушілермен, әлеуметтік әріптестермен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту қазіргі уақытта пәрменді құрал болып табылады. Бұл жұмысты мақсатты және сындарлы түрде жүргізуіміз керек. Біздің кәсіподақтың басты миссияларының бірі – бұл қоғам мен мемлекет, қызметкер мен жұмыс беруші, қоғам мен Үкімет арасындағы сындарлы диалог», – деп атап өтті «Қызмет»салалық кәсіподағының төрағасы
Отырыс барысында Орталық кеңес мүшелері 2021 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есепті мақұлдады және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және халыққа қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ 2022 жылға арналған бюджетін қабылдады.
Салалық кәсіподақ қызметінің басым бағыттары бойынша ақпаратты тыңдағаннан кейін Орталық Кеңес мүшелері сөз сөйлеп, пікір алмасты. Отырысқа қатысушылар саланың ең маңызды проблемалық мәселелерін қозғай отырып, кәсіподақ қызметін жетілдіру бойынша өз ұсыныстарын айтты.