Сенім. Сезім. Сұлулық

Сенім. Сезім. Сұлулық

07.03.2022 Off By Администрация сайта

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Қызмет» салалық кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалының ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметте жүрген нәзік жандыларға  арнап осындай тақырыпта семинар- тренинг  өткізілді.

Семинар ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы облыстық филиалының базасында өтіп, филиалдың доценті Құндыз Қуанжанова дәріс жүргізді.

 Мақсат әйел азаматтарға  мереке  қарсаңында  ішкі жан сұлулығы мен тыныштығын сақтаудың әдістерін үйрету арқылы өзінің жаңа «Менін» құрғызу болды.

Арнайы жасақталған кабинет, тыныш атмосфера, көзге жағымды бояулар,  бейресми формат, осының барлығы қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлап, күнделікті қарбаластан бой жазуға көмектесті. Бұған дәлел қатысушы тұлғалардың семинар соңында білдірген пікірлері болды.

«Баршаңызды мерекемен құттықтаймын. Өте ерекше шара болды. Біздер үшін қажетті демалыс сыйлағандарыңыз үшін алғыс білдіреміз, – деді ҚХА облыстық хатшылығының меңгерушісі ,Ақтөбе  облысы  ішкі саясат басқармасының бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Маржан Қорғанбаева.

Филиал  төрайымы Мұхтарита Сағындықова семинарға қатысушыларға  белсенділіктеріне  алғыс білдіріп, нәзік жандыларды мерекелерімен құттықтады және шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан академия қызметкерлеріне алғыс хаттар табыстады.

Айта кеткен жөн, бұл семинар Академия филиалымен жаңадан ашылған «Сәуле» студиясының қабырғасындағы алғашқы шара болды. Салалық кәсіподақ өзінің белсенді әлеуметтік әріптесі ретінде  Академия филиалын осы жаңалықпен шын жүректен құттықтайды және студия мемлекеттік  қызметшілерді  жан-жақты  дамытуға  зор  үлесін  қосады деп сенім білдіреді.

#kasipodaqkyzmet