Бүкіләлемдік әлеуметтік әділеттік күніне орай, Шымкент қаласында жүргізілген жұмыстар
28.02.2022Шымкент қалалық филиалының құрамына кірген бастауыш кәсіподақ ұйымдарында жұмыскерлердің еңбек құқықтарының, жұмыс орындарының сақталуына бақылау жасап, сондай-ақ қауіпсіз және қолайлы еңбек етуге жағдай жасау мәселелеріне анықтау жүргізіп, кездесулер мен жиналыстар өткізілген.
Нәтижесі бойынша филиал құрамындағы мекемелерде кемшіліктер мен заң бұзушылықтар анықталмаған.
Жұмысты әрі қарай жетілдіре түсу мақсатында филиал құрамындағы кәсіподақ ұйымдары бар мекемелерде жұмыс берушілер мен кәсіподақ комитеттерінің арасында 5 жылға, яғни 2022–2026 жылдарға арналған әлеуметтік – еңбек қатынастары бойынша ұжымдық шарттар қабылданған.
Оның ішінде, жұмыскерлердің еңбек құқықтарының, жұмыс орындарының сақталуы, сондай-ақ қауіпсіз және қолайлы еңбек етуге қолайлы жағдай жасау мәселелері қамтылған.
Атап айтқанда, 43 мекемеде толығымен немесе 100% 5 жылға арналған және жаңартылған мазмұндағы ұжымдық шарттар қабылданып, олар мониторинг үшін Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясынан тіркеуден өткен.
Оның ішінде, мерзімі қайта ұзартылғаны 40 және жаңадан қабылданғаны 3.
Атап айтқанда, 5 қала және аудан әкімдіктері, 10 қалалық департаменттер мен аумақтық басқармалар, 10 қалалық басқармалар, 15 қалалық басқармаларға қарасты мемлекеттік мекемелер мен 3 жекеменшік мекеме.
Оның ішінде, жаңадан бастауыш кәсіподақ ұйымы ашылған 3 мекемеде немесе 1 басқарма мен 2 басқармаға қарасты мекемеде жаңадан ұжымдық шарт қабылданған.
Мысал ретінде, Шымкент қаласының цифрландыру басқармасын және Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы» мен «№7 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-лерін айтуға болады.
Сонымен бірге, Шымкент қалалық филиалының төрағасы Серік Елемесұлы Әуесхановтың басқаруымен кәсіподақтары жоқ мекемелерден кәсіподақ ұйымдарын ашу және олардағы жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен жұмыс орындарының сақталуын бақылауға алу, сондай-ақ қауіпсіз және қолайлы еңбек етулеріне жағдай жасау мақсатында Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасынан және басқарманың қарамағындағы «Қуат жылу орталығы» МКК-сі және «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК-нен кәсіподақ ұйымдарын ашып, ұжымдық шарт жасасу бойынша ЗУМ арқылы он-лайн режимде жиын өткізілген.
Сондай-ақ, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының қарамағындағы 28 спорт мектептерінен кәсіподақ ұйымдарын ашу және оларда ұжымдық шарт жасау бойынша басқарманың мәжіліс залында мекемелердің басшыларымен кездесу өткізіліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілген.
Әрі қарай да осы бағыттағы жұмыстар, яғни Шымкент қаласының еңбек қатынастары бойынша рейтингілік көрсеткіштерін көтеру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.