«Қызмет»  кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы атқару комитетінің отырысы өтті

«Қызмет» кәсіподағының Ақтөбе облыстық филиалы атқару комитетінің отырысы өтті

25.02.2022 Off By Администрация сайта


«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ- нің Ақтөбе облыстық филиалының атқару комитетінің мәжілісі өтті. Мәжіліске «Қызмет » салалық кәсіподағы Ақтөбе ОФ XXXI есеп беру- сайлау конференциясында сайланған облыстық филиалдың мушелері қатысты. Кун тәртібіндегі «Қызмет » Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының Х және Қазақстан республикасы кәсіподақтар Федерациясының ХХVI съездерінің қорытындылары және облыстық кәсіподақ ұйымының міндеттері мен 2021 жылы істелген жұмыстар қорытындысы туралы есебін филиал төрайымы Мухтарита Муханбеткалиқызы Сағындықова баяндады. Жарыссөзге шыққан ҚР Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің Ақтөбе облысы департаменті бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Сембаева Маншук Кожахметқызы, Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқармасы бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Қалмуханбетова Нургул Мубараққызы және «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Утеуова Жайнагул Жанбырбайкызы өткен жылғы істелген жұмыстарымен бөлісіп облыстық филиал төрайымының баяндамысын толықтырды. Мәжіліс барысында «Қызмет» салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиал, президиум құрамындағы бірқатар мушелердің басқа салаға ауысып кетулеріне байланысты жаңа мушелемен толықтырылды. Сонымен қатар ұйымдық мәселелер қаралып Облыстық филиал төрағасының орынбасары болып бірауыздан Бисенов Рафхат Төлеуғалиұлы сайланды.