Келешек – белсенді жастардың қолында!
25.02.2022Жастардың қоғамдағы өз орнын табу секілді әлеуметтік кезеңнен өтуі – өмір заңдылығы. Кез келген қоғамда жас азаматты, ең алдымен, білім беру мен әлеуметтік мәселелер толғандырары сөзсіз. Соның ішінде кәсіби маман ретінде қалыптасуы мәселелері, адал еңбек пен әділ ынталандыру жолға қойылған ба? Әлеуметтік лифт жағдайы жасалған ба?
Ия, көп адамның пікіріне сүйенсек, бүгінде жастардың құндылықтары өзгерген. Қазіргі қоғамда олардың арасында тез танымалдылыққа ие болу, блогер атану арқылы жылдам қаражат табуды ойлау сияқты талпыныстар жиі кездеседі.Мобильді әлемде өмір сүру, ғаламтор желісіндегі сансыз ақпараттар жастардың мәліметтерді таңдауына дес бермейді. Жастар табанды еңбек етіп, елімізде болып жатқан оңды үрдістерге белсене қатысуы арқылы ғана жетістікке қол жеткізіп, биіктерге көтерілуге болатынын түсінуі маңызды. Қоғамда құны кемімейтін әділдік – құндылықтың басты әлеуметтік теңдігін айқындайтын аспект. Келешек – белсенді жастардың қолында! Оларға біз сияқты орта жасқа келген азаматтар, басшылар, жұмыс беруші жоғарыдан төменге қарамай, замандас, дос, тең құқылы екенімізді сездіртуіміз керек. Әлеуметтік әділеттілік күніне орай “Қызмет” Салалық кәсіподағының Жезқазған аймақтық кәсіподағының ең жас мүшелері -Жезқазған қаласының Жастар ресурстық орталығының жастарына қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы еңбек үзілісінде демалатын бұрыш ұйымдастырылды. Бірге шәй ішіп, бірлесе тың идеяларды жүзеге асыру озық ойлы жас мамандардың коммуникация жүйесіндегі маңызды іс-әрекетіне, бастысы олардың әл-ауқатын арттыруды көздейтін ұсыныстар алаңына айналарына сенеміз.