Тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер!
23.02.20222009 жылдан бастап жыл сайын 20 ақпанда Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күні атап өтіледі. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2007 жылы 26 қарашада арнайы қарарында осы халықаралық датаның бекітілгенін жариялады.
Биыл ол «Формальды жұмыспен қамту арқылы әлеуметтік әділеттілікке жету» ұранымен өтуде. 20 ақпанда Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күнінің мақсатын орындау үшін бүкіл әлемде түрлі ақпараттық науқандар ұйымдастырылуда.
Қазіргі әлемдегі адамдар арасында әлеуметтік қақтығыстарды тудыратын кемсітушіліктің көптеген түрлері бар. Осыған байланысты көптеген адамдар әртүрлі қиындықтарға тап болады. Әлеуметтік теңсіздікті көпшілік әділетсіздіктің көрінісі ретінде қабылдайды. Қоғамның әлеуметтік топтарға жіктелуі әлеуметтік шиеленістің күшеюіне әкеледі.
Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күнін өткізу кедейшілікті жоюға, адамдарды толық жұмыспен және лайықты еңбекпен, тең мүмкіндіктер мен құқықтармен қамтамасыз етуге ықпал етуі тиіс.
Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде әлеуметтік теңдік, кемсітушілік, еңбек қанауы, гендерлік теңсіздік, азшылық топтарды қудалау және т. б. мәселелер қаралды.
Баяндамашылар өз сөздерінде әлеуметтік әділеттіліктің қоғамдық қатынастардың идеалы және қоғамның барлық мүшелеріне өз қабілеттерін жүзеге асыру және өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін тең мүмкіндіктер жасауды қамтамасыз ететін принцип ретіндегі жоғары маңыздылығын атап өтті.