«Сіздің міндеттеріңізді бәрі есте сақтайды. Сіздің құқығыңыз туралы, тек кәсіподақ ойлайды!»
23.02.2022Кәсіподақ не үшін немесе неге қажет?
Осы жерде бір афоризмді айтуға болады: «Сіздің міндеттеріңізді бәрі есте сақтайды. Сіздің құқығыңыз туралы, тек кәсіподақ ойлайды!».
Барлық ұйымдарда кәсіподақ бола бермейді, сондықтан жұмысшылардың құқықтары сақталмауы мүмкін. Әрине, жұмыс берушінің іс-әрекетін бақылау арқылы жұмысшылардың құқықтарын қорғау үшін кәсіподақ қажет!
Кәсіподақ өндірістегі қызметінің сипаты бойынша ортақ мүдделермен байланысты адамдарды біріктіреді. Бастауыш кәсіподақ ұйымы жұмысшыға не беретінін көбі біле бермейді. Ал, кәсіподақ ұйымы көптеген мәселелерді шешуге атсалысуда.
Бұған кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік және еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, жұмыс берушілермен келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарттар жасасу, өзара міндеттемелердің орындалуын бақылауды ұйымдастыру және т.б. кіреді.
Ағымдағы жылдың ақпан айында ғана Жамбыл облысында жаңа бастауыш ұйым пайда болды.
«Қызмет» мемлекеттік мекеме қызметкерлері салалық кәсіподағының Жамбыл облыстық филиалы тағы бір кәсіподақ ұйымымен толықты. 2022 жылдың 1 ақпанында Жамбыл облысы Талас ауданында 170 адамнан тұратын медициналық-әлеуметтік мекемеде жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды.
Аудан орталығы Ақкөл ауылындағы №6 Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы мүмкіндігі шектеулі жандарға әлеуметтік қызмет көрсетеді. Орталықта жоғары және арнайы білімі бар әлеуметтік қызметкерлер еңбек етеді.
Медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету, ең алдымен, өмір сүру жағдайларын жасауды, күтім жасауды, медициналық көмек көрсетуді, оңалтуды, әлеуметтік және еңбекке бейімделуді, демалыс пен бос уақытты ұйымдастыруды қамтиды. Қызмет көрсету көлемі халықты әлеуметтік қорғау саласындағы нормативтермен белгіленеді.
Осындай мекемелерде жұмыс істейтін адамдар өз қамқорлығындағы адамдарға қызмет көрсету бойынша күн сайын орасан зор жұмысты атқара отырып, кәсіподақтың қорғауына және қолдауына мұқтаж екенін ерекше атап өткіміз келеді.
Әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғаумен қатар, кәсіподақ мүшелерінің мерекелер мен мерейтойларға сыйлықтар алуға, кәсіподақ белсенділерінің моральдық қолдауын сезінуге, ұжымдық демалысқа шығуға кәсіподақтың көмегі қажет екендігі көңілге медеу береді.