Шығыс Қазақстан облысының кәсіподақтары 2021 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылап, 2022 жылға арналған жоспарларды белгіледі.
21.02.2022Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев Шығыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы Үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді.
Шығыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығының төрағасы Темірбек Қасымжанов Үйлестіру кеңесінің мүшелеріне облыс кәсіподақтарының 2021 жылы атқарған жұмыс қорытындылары туралы хабардар етті.
Шығыс Қазақстан облысының Кәсіподақ орталығы салалық кәсіподақтардың 14 аудандық филиалдарын, 4 аумақтық кәсіподақтар бірлестігін және 3 мүше ұйымды біріктіреді. Кәсіподақ мүшелерінің саны 1446 бастауыш кәсіподақ ұйымында 133 423 адамды құрайды.
Отырыс барысында Үйлестіру кеңесінің мүшелері кәсіподақ қызметінің бірқатар өзекті мәселелері бойынша сөз сөйледі.
Шығыс Қазақстан облыстық «Қызмет» филиалы төрағасының міндетін атқарушы Дәурен Тілеубаев әлеуметтік-еңбек саласының мәселелеріне тоқталды.
«2021 жыл жаман болған жоқ, атап айтқанда, облыстық Келісім жасалды, жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерінің, азаматтық қызметшілердің жалақысы артты. Егер мәселені жалақы деңгейі тұрғысынан қарайтын болсақ, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 20%-ға көтерілгеніне қарамастан, мемлекеттік ұйымдарда техперсоналдың жалақы деңгейі бұрынғысынша төмен қалпында болып отыр», – деп атап өтті Дәурен Тілеубаев.
Сондай-ақ, Дәурен Тілеубаев ҚР Кәсіподақтар федерациясының шипажайларында кәсіподақ мүшелеріне жеңілдіктер беру мәселесін көтерді. «Емдеу-профилактикалық көмектің ең тиімді түрлерінің бірі санаторлық-курорттық емдеу болып табылады. Еңбек ұжымдарындағы кездесулер кезінде кәсіподақ мүшелері ҚРКФ санаторийлерінде жеңілдіктер туралы жиі сұрақтар қояды. Сондықтан бұл мәселені жақын арада шешуді сұраймыз, оның шешімі кәсіподақтар қатарына кірудің тартымдылығын арттырады»,- деп атап өтті спикер.