«Қызмет» кәсіподағы жаңа әріптеспен толықты
16.02.2022«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ Қостанай облыстық филиалының «кәсіподақ әріптесі» жобасына қосылған «AQUA LAB» диагностикалық зертханасы сауықтыру саласы әлеуметтік әріптес болды.
Зертхана салалық кәсіподақ мүшелері мен олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызметтердің толық спектрін (талдау, тексеру, алдын алу, сауықтыру) ұсынылған қызмет бағасынан 30% жеңілдікпен пайдалануға шақырады. «AQUA LAB» зертханасы өз қызметтерін облыс орталығы Қостанай қаласымен қатар, облыстың Тобыл, Рудный, Лисаковск, Федоровка, Қарабалық, Денисовка сияқты кейбір өңірлерінде ұсынады. Бұл ауылдық жерлердегі кәсіподақ мүшелеріне айтарлықтай әлеуметтік қолдау болып табылады.
Кәсіподақ мүшелері осы жеңілдіктерін мына мекенжайлар бойынша пайдалана алады: облыс орталығында Қостанай қ.1 Мамыр к-сі 151(облыстық аурухана); Хакімжанова к-сі 56а; Толстой к-сі 50; Қобыланды батыр д-лы 21; Баймағамбетов к-сі 168; Тобыл қ. (Затобольск) Тәуелсіздік к-сі 116а; Рудный қ. Комсомольский д-лы 34; Лисаковск қ.; Федоровка к. Либкнехт к-сі 1; Қарабалық к-сі Гагарин көшесі 36; Денисовка кенті Патрис Лумумба көшесі 46.
Қостанай облыстық филиалының қызметкерлері мен «AQUA LAB» зертханасының медицина қызметкерлері өзара жасалған келісім кәсіподақ мүшелері үшін пайдалы және олардың денсаулығын жақсартуға көмектеседі деп үміттенеді.