Мемлекеттік мекемелері және онымен байланысты салалар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының кезектен тыс есептік-сайлау конференциясы өтті
04.02.2022Қапшағай қаласының мемлекеттік мекемелері және онымен байланысты салалар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының кезектен тыс есептік-сайлау конференциясы өтті.
Күн тәртібі бойынша кәсіподақ төрайымы – Н. Арқарбаеваның есебі тыңдалып, қатысқан делегаттар жұмысын қанағаттанарлық деп бағалады.
Сондай-ақ төрайым – Н. Арқарбаеваның жеке өтініші бойынша қызметінен босату туралы сұрақ қаралды. Делегаттар ол кісінің атқарған жұмысына алғыс білдіріп, шығарып салды.
Делегаттар бастауыш ұйымының төрайымына Бағдәулет Ақбота Оралбайқызының кандидатурасын ұсынып, бірауыздан қолдау тапты.
Кәсіподақ белсенділері тарапынан сайланған төрайымға мүшелік санның артуына, еңбектегі адамдардың құқының қорғалуына, әлеуметтік әріптестіктің жандануы бойынша міндеттер қойды.