Ұжымдық және келісім шарттар қабылданып, міндеттер жүктелді

Ұжымдық және келісім шарттар қабылданып, міндеттер жүктелді

04.02.2022 Off By Администрация сайта

Заман талабына сай жаңадан ашылғанына көп уақыт болмаған Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «TEN QOGAM» әлеуметтік қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылдың 02 ақпанында ұжым мүшелерінің жалпы жиналысы өтіп, ҚР «Кәсіптік одақтар туралы» заңына сәйкес мекемеде жұмыс жасайтын барлық 30 қызметкерлер мен жұмыскерлер жазбаша өтініштерінің негізінде 100% кәсіподақ мүшелігіне қабылданып, «ҚЫЗМЕТ» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының құрамына кіретін бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылды. Кәсіподақ ұйымының төрайымы болып Белгибаева Гулия Байзаққызы сайланды.
ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес мекемедегі ұжым мүшелерінің еңбек жағдайын жақсарту, қызметкерлерді әлеуметтік және зейнеткерлік қамсыздандыру, еңбек демалысына шығу, еңбекке ақы төлеу, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының ұзақтығын айқындау, салауаттылықты, қауіпсіз еңбек пен тұрмыс жағдайларын жасау, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыру, денсаулық сақтауды жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, ұжым мүшелеріне әлеуметтік игіліктер жасау, ұйым жұмысының тұрақтылығын және тиімділігін қамтамасыз ету, басқа да құқықтық нормативтік актілерінің сақталуына қол жеткізу мақсатында мекемеде әлеуметтік – еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акті – ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ қабылданды.
Ұжымдық шартқа жұмыс беруші тарапынан мекеме басшысы Әмзеев Ерсұлтан Қасымбекұлы және жұмыскерлердің атынан кәсіподақ комитетінің төрайымы Белгибаева Гулия Байзаққызы қол қойып, оны Шымкент қаласының мемлекеттік еңбек инспекциясына тіркеуге тапсырды.
Сондай-ақ, бастауыш кәсіподақ ұйымын салалық кәсіподақ құрамына қабылдау және еңбек қатынастары бойынша көмек көрсету мен жұмыскердің құқын қорғау жұмыстарын бірлесе жүргізу бойынша бастауыш кәсіподақ ұйымының төрайымы Белгибаева Гулия Байзаққызы және «ҚЫЗМЕТ» Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы өзара келісім-шартқа қол қойды.
Филиал төрағасы С.Әуесханов мекеме қызметкерлерін құттықтай отырып, кәсіподақ қозғалысының жұмысына белсене қатысуға шақырды.