Мемлекеттік қызмет – абыройлы міндет
10.12.2021«Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы Шымкент қаласы Шымкент қаласының дін істері басқармасында кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесіп, «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап, еліміздің экономикасының өсуіне және әлеуметтік жағдайының жақсаруына, сондай-ақ кәсіподақ қозғалысының дамуына үлес қосқан бірқатар мемлекеттік қызметкерлерге филиалдың наградаларын табыстады.
Атап айтқанда, «Еңбек озаты» төс белгісімен Шымкент қаласының дін істері басқармасы діни бірлестіктермен жұмыс және мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі бөлімінің бас маман-сарапшысы Заманханов Бауыржан Бахытұлы және «Алғыс хатпен» Шымкент қаласының дін істері басқармасы діни бірлестіктермен жұмыс және мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі бөлімінің бас маманы Жұмағұлова Ғазиза Өмірзахқызы, Шымкент қаласының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің дін танушы маманы Тойшиев Нұртаза Асқарбайұлы, Шымкент қаласының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің әлеумет танушы маманы Жүнісов Берік Низамединұлы марапатталды.