«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн халықаралық акциясы» шеңберінде кәсіподақ ұйымдарындағы кездесулер жалғасуда

«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн халықаралық акциясы» шеңберінде кәсіподақ ұйымдарындағы кездесулер жалғасуда

08.12.2021 Off By Администрация сайта

Шымкент қаласында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» халықаралық акциясы «Қызмет» салалық кәсіподағының бастауыш кәсіподақ ұйымдарында Шымкент қалалық филиалының төрағасы С.Әуесхановтың қатысуымен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою» тақырыбында 2021 жылғы 2-8 желтоқсан аралығында 16 мекемеде кәсіподақ мүшелерімен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді.

Атап айтқанда: Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» КММ-де, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ-де, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де, Шымкент қаласының Қаратау ауданы әкімінің  аппараты ММ-де, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Ақпараттық-коммуникациялық орталығы» КММ-де, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының Асанбай Асқаров атындағы «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» МКҚК-де, Шымкент қаласының дін істері басқармасы ММ мен Шымкент қаласы дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММде, Шымкент қаласының Абай ауданы әкімінің  аппараты ММ-де, Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де, Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы ММ-де, Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы ММ-де,  Шымкент қаласы әкімінің  аппараты ММ-де, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ММ-де, Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасы ММ-де, Шымкент қаласының цифрландыру басқармасының «Шымкент қаласының ситуациялық орталығы» КММ-де кездесулер өтті.

Кездесу 9-10 желтоқсан күндері жалғасатын болады.