«Дүние жүзі бойынша ЖИТС-тің алдын алу, есірткіге қарсы күресу» және «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн халықаралық акциясы» шеңберінде кездесулер өтті.

«Дүние жүзі бойынша ЖИТС-тің алдын алу, есірткіге қарсы күресу» және «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн халықаралық акциясы» шеңберінде кездесулер өтті.

06.12.2021 Off By Администрация сайта

Кәсіподақтар жыл сайын Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық көрсетуді жою халықаралық күніне сәйкес «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы шеңберінде түрлі іс-шаралар өткізеді.

Акцияның негізгі мақсаты: Көпшілік халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға, ана мен баланы қорғауға, қоғамдағы отбасының рөлін күшейтуге бағытталған және қабылданып жатқан шаралармен таныстыру болып табылады.

Акция аясында «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалына кіретін бастауыш кәсіподақ ұйымдарында Филиал төрағасы Серік Әуесхановтың қатысуымен мекемелердегі ұжым мүшелерімен кездесулер өткізілді. С.Әуесханов «Дүние жүзі бойынша ЖИТС-ке және есірткіге қарсы күресу» бойынша арнайы бағдарламамен бірге үгіт-насихат жұмыстары туралы және отбасындағы бала тәрбиесіне мән беру керектігін атап өтті.

Осындай кездесулер «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ-де, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№1 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-де, «Қандастарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығы» КММ-де ұйымдастырылды.