Батыс Қазақстан облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтті

Батыс Қазақстан облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтті

14.02.2020 Off By Администрация сайта

Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағы 2020 жылы 14 ақпан күні кезекті ХХІХ-шы есеп беру-сайлау конференциясын өткізді.

Конференцияға «Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы А.Есекенова, салалық кәсіподақ ұйымының төрағалары, делегаттар, бастауыш кәсіподақ ұйымымың төрағалары және ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Конференция барысында облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының соңғы бес жылғы есебі, тексеру комиссиясының есебі тыңдалып, бекітілді.

Делегаттар аудандық кәсіподақ ұйымының жұмысына қанағаттанарлық деп баға беріп, Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағалығына Сүлеймен Серік Кенжебекұлын бірауыздан сайлады.

Сонымен қатар «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлістігінің ХІ съездіне делегаттар бірауыздан сайланды.

Конференцияның күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша қаулылар бірауыздан қабылданды.

Конференция соңында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Сүлеймен аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымының белсенді кәсіподақ мүшелеріне зор денсаулық, қызметтеріне үлкен жетістіктер тілеп, облыстық кәсіподақ ұйымының Алғыс хаттарын табыстады.