Шымкентте Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті

Шымкентте Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті

05.02.2020 Off By Администрация сайта

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәжілі залында Әдеп жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Отырысқа Әдеп жөніндегі кеңес мүшесі – «Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі төрағасының орынбасары, «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы қатысып, заң шеңберінде қызметкерлердің құқын қорғау бойынша өз ұсыныстарын айтты.
Кеңес отырысында 2 мемлекеттік қызметшіге қатысты қозғалған тәртіптік істер және 2 мемлекеттік орган басшылығының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жұмыстарының қорытындылары қаралды.
Атап айтқанда: Шымкент қаласының Қаратау ауданы мен Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы қызметкерлерінің тәртіптік істері қаралып, сондай-ақ Шымкент қаласының Абай және Еңбекші аудандары бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшыларының есептері тыңдалды.