ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЕРАЛЫ ТОҒЖАНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

11.02.2020 Off By Администрация сайта

Мемлекет басшысы Ералы Тоғжановты ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

“Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалсын”, – делінген Жарлық мәтінінде.

Бұған дейін оның кандидатурасы ҚР Парламенті Мәжілісінде мақұлданған болатын.

Ералы Тоғжанов1963 жылы 13 мамырда Орал облысының Ақжайық ауданындағы Шағатай ауылында туған. Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1988), құқықтанушы. Заң ғылымдарының кандидаты (1995).

Еңбек өтілі:

1980 жылдан – Орал облысы Ақжайық ауданы Октябрь орман шаруашылығының жұмысшысы.

1981 жылдан – Кеңес Әскерінің қатарында қызметте.

1983 жылдан – Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті, 1988 жылдан – мемлекет пен құқықтың теориясы және тарихы кафедрасының оқытушысы.

1991 жылдан – ҚР ҒА Мемлекет және құқық институтының аспиранты, ғылыми қызметкері.

1996 жылдан – Қазақ мемлекеттік заң университеті мемлекеттік қызмет жене халықаралық құқық факультетінің деканы.

1999 жылдан – “Қазақ мемлекеттік заң академиясы” РКҚК Құқық және мемлекеттік қызмет институтының директоры (Астана).

2001 жылдан – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары.

2006 жылдан – ҚР Әділет министрлігінің дін жөніндегі комитетінің терағасы.

2008 жылдан – Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан Халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі.

2013-2017 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Қазақстан Халқы ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі.

2017-2019 жылдары – Маңғыстау облысының әкімі.

2019 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан кәсіподақтары федерациясының төрағасы.