Келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз!
31.12.2019 Off By Администрация сайтаҚұрметті әріптестер!
«Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің Салалық кәсіподағы» ҚБ Орталық Комитетінің атынан және жеке өз атымнан Сіздерді келе жатқан Жаңа 2020 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Өңірлерде белсенді ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді, жаңа бастауыш кәсіподақ ұйымдары құрылды. Ағымдағы жылдың басынан бастап кәсіподақ мүшелерінің саны 7,5 мың адамға өсіп, 90 мыңнан астам адамды құрады. Бұл қызметкерлердің бізге деген үлкен сенімі!
ҚР Президенті Әкімшілігінің, Премьер-Министр кеңсесінің басшылығымен, денсаулық сақтау, сыртқы істер, мәдениет және спорт, қорғаныс, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, қаржы, сандық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктерінің жауапты хатшыларымен кездесулер өткізілді. Онда салалық кәсіподақ қызметінің мәселелері және алдағы кезеңге арналған міндеттер, мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде біздің бастауыш кәсіподақ ұйымын құру туралы келісімге қол жеткізілді.
Әр түрлі министрліктердің аумақтық департаменттері мен мекемелерінде алғашқы рет кәсіподақ ұйымдары құрылды.
Осы жылдың маусым айында алғаш рет кәсіподақтар Президенттің кезектен тыс сайлауына қатысты. Салалық кәсіподақтың барлық облыстық филиалдарында кәсіподақтардан кандидаттың сенімді тұлғаларының қатысуымен сайлаушылармен кездесулер өтті.
Сондай-ақ, өткен жылы кәсіподақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен бірлесіп Жастар жылы мен Халықаралық еңбек ұйымының 100-жылдығына арналған «Жас келсе-іске!» 1-ші республикалық жас мемлекеттік қызметкерлер форумы өткізілді. Экостильдегі диалогтық алаң Республиканың барлық облыстарынан 170-тен астам қатысушы жиналды және мемлекеттік реформаларды енгізу және жүзеге асыру бойынша оқыту мен тәжірибе алмасу платформасына айналды. «ҚР Үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.
Қызметкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі Үшжақты комиссияға мемлекеттік органдар мен Халыққа қызмет көрсету саласындағы мекемелерде әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы проблемалық мәселелер жолданды. Аталған мәселелер мемлекеттік деңгейде, ведомствоаралық комиссияларда, мемлекеттік органдар басшыларымен кездесулерде, дөңгелек үстелдерде және брифингтерде талқыланды. Үкімет әлеуметтік қызметкерлерге қосымша ақыны ұлғайту және ХҚКО қызметкерлерінің жалақысын арттыру жөніндегі ұсыныстарымызды қолдады.
Кәсіподақ, оның құрылымдық бөлімшелері мен кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғауда заң көмегін көрсету мақсатында «Әділдік Лигасы» заң кеңесшілер палатасымен меморандумға қол қойды.
Барлық кәсіптік ұйымдарға бағытталған ұжымдық шарт жасау бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірленді.
Өңірлерде еңбек ұжымдары мен қызметкерлердің корпоративтік рухын біріктіруге бағытталған спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізілді. Кәсіподақ мүшелері шипажайларда емделуде жеңілдіктерге ие болды. Біздің құрама команда Республикалық салааралық еңбекшілер спартакиадасына қатысты.
Облыстарда жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді және кәсіподақтың әлеуметтік осал мүшелеріне көмек көрсетілді.
Кәсіподақ күніне, Тұңғыш Президент күніне және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған конкурстар өткізді. Балаларға арналған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының орталық мемлекеттік органдардың Жаңа жылдық шырша ұйымдастырылған.
2019 жылдың басынан бастап біздің қызметімізді көрсету үшін 3 тілде салалық кәсіподақтың сайты жұмыс істейді, «Qazaqstan Kásipodaǵy» газетіне «Memlekettik Qyzmet Kásipodaǵy» арнайы нөмір шығарылды, әлеуметтік желілерде жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Жаңа 2020 жылы біздің кәсіподақ мүшелерінің өмір сүру және еңбек сапасын арттыру, қатарлар санын арттыру бойынша жаңа міндеттер тұр.
Құрметті достар! Мереке қарсаңында Жаңа жылда Сіздерге биік мақсаттарға, тамаша көңіл-күй, махаббат пен қуаныш, зор денсаулық, отбасыларына амандық пен бақыт тілейміз! Біздің Отанымыз гүлдене берсін!
Ізгі ниетпен,
Мемлекеттік, банк мекемелері жәнеқоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының Төрағасы
Мирболат Жақыпов