Батыс Қазақстан облысының «Ақжайық» шипажайы базасында  Әлеуметтік серіктестікті дамыту: аймақтық даму ерекшеліктері» аймақтық Форумы

Батыс Қазақстан облысының «Ақжайық» шипажайы базасында Әлеуметтік серіктестікті дамыту: аймақтық даму ерекшеліктері» аймақтық Форумы

19.10.2019 Off By Администрация сайта

2019 жылы 19 қазан Ақжайық шипажайында Батыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «Қазақстан Кәсіподақтар күні» мерекесіне орай «Әлеуметтік серіктестікті дамыту: аймақтық даму ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық форум өтті.

Форумға «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы М.Жақыпов, «Батыс Қазақстан облысының Кәсіподақтар Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы А.Есекенова, Теректі ауданының әкімі Ә.Жоламанов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Ғ. Тұрсынбаев, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының БҚО филиалының директоры Ж.Даухарин, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстық филиалының төраға, төрайымдары және кәсіподақ мүшелері, облыстық салалық кәсіподақ ұйымының төрағалары, облыстық кәсіподақ ұйымының президиум мүшелері, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары және төрайымдары, кәсіподақ мүшелері қатысты.

Әлеуметтік әріптестік шеңберінде өзекті мәселелерді шешу, кәсіподақтың міндеттері мен мақсаттарын жүйелеу, кәсіподақ мүшелерінің құқығын қорғау, қолдау, жүйелі оқыту, еңбекті қорғауда қоғамдық бақылау жүргізу жүйесін жетілдіру мақсатында өткен форумды Мемлекеттік мекемелер салалық кәсіподағының Орталық комитетінің төрағасы М.Жақыпов ашып, алғаш рет Кәсіподақтар мен Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің арасында 2018-2020 жылдарға арналған салалық келісімге, ал облыстық филиалдар әкімдіктердің этика бойынша өкілеттілерімен серіктестік туралы меморандумдарға қол қойылғанына, мемлекеттік мекемелерде қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық құқықтарын түсіндіру, мысалы, көптеген мемлекеттік мекемелерде үстеме жұмыс уақыты қалыпты жағдайға арналғанына тоқтала келіп, оларды қорғау жұмыстары жүргізіліп жатқанына, алға қойып отырған жоспарларымен бөлісіп, форумға қатысушыларды «Қазақстан Кәсіподақтар күні» мерекесімен құттықтап, жақсы жетістіктер тіледі.

Сонымен қатар БҚО кәсіподақтар орталығының төрайымы А.Есекенова, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы Ғ. Тұрсынбаев, Ақтөбе облыстық филиалының төрайымы М.Сағындықова, Атырау облыстық филиалының төрағасы Ш.Абилов, Маңғыстау облыстық филиалының төрайымы Д.Адаева, Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы С.Сүлеймен өз ойларын ортаға салып, әлеуметтік серіктес аясында атқарған жұмыстарымен, тәжірибелерімен бөлісті.

Форум соңында Мирболат Хабиұлы Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының кәсіподақ қозғалысына және әлеуметтік әріптестікті дамытуға белсенді қатысқан кәсіподақ белсенділерін «Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Мемлекеттік

қызметкерлер кәсіподағының үздігі» төсбелгісімен, «Құрмет грамотасымен және «Алғыс хаттармен»» марапаттады.

Форум барысында ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының БҚО бойынша филиалының маманы Л.Нарушева «Жұмсақ дағды: коммуникативтік дағды құралдары» тақырыбында тренинг өткізді.

Кәсіподақтың негізгі мақсаты – қызметкерлер мен жұмыс берушілердің арасындағы қарым-қатынасты нығайта түсіру. Осы бағытта өткізілген тренингтің негізгі мақсаты – коммуникативтік дағдының негізгі құралдарын қолданып, іскерлік қарым-қатынасты нығайта түсіру.

Форумға қатысушылар осы тренинг негізінде коммуникативтік дағды құралдарын қолданып, практика жүзінде жүзеге асырды.