СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ.

21.08.2019 Off By Администрация сайта

Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсетуқызметкерлерінің салалық кәсіподағы Ақтөбе облыстық филиалыныңтөрайымы, «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысыМ.Сағындықованың басшылығымен 2019 жылы 20 тамызда ҚРСыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің Ақтөбе облысыбойынша департаментінің басшысы М. Мұхамбетовпен, Ақтөбеоблысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Р.Умаровамен жәнебастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларының кездесуі өтті.Бұл кездесуде мемлекеттік қызметшілер тарапынан орын алатынкелеңсіз көрініс – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайласжемқорлыққа қарсы ұжымда мәдениет қалыптастыру жолдарыталқыланды. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы«Ақтөбе адалдық алаңы» жобасы аясында атқарылып жатқанжұмыстар таныстырылып, мемлекеттік қызметшілерді этикалықнормаларды сақтауға, парасаттылық қағидаттарын жетілдіру бойыншабірқатар ұсыныстар талқыланды. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттіңішкі саясатына ғана емес, әлемдік аренада бәсекеге түсу қабілетінтежейтіні рас, басты мақсат – адамдардың қоғамның демократиялықнегізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптепкелгенде, билікке деген сенімін нығайту керектігі баяндалды.Сыбайлас жемқорлықпен куресу еліміздің азаматтарының парызы.Мемлекеттік қызметшілер осы дертпен күрес жолында халыққа үлгіболуы тиіс.