«Павлодар қаласының тірек-қозғалу мүшелері бұзылған балаларға арнайы сауықтыру қызметтерін көрсету орталығы» КМК-ның еңбек ұжымымен кездесу өтті

«Павлодар қаласының тірек-қозғалу мүшелері бұзылған балаларға арнайы сауықтыру қызметтерін көрсету орталығы» КМК-ның еңбек ұжымымен кездесу өтті

04.06.2019 Off By Администрация сайта

2019 жылғы 4 маусымда Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Аманкелді Сатыпалдыұлы Таспиховты қолдау жөнінде «Павлодар қаласының тірек-қозғалу мүшелері бұзылған балаларға арнайы сауықтыру қызметтерін көрсету орталығы» КМК-ның еңбек ұжымымен кездесу өтті. Кездесу барысында кандидаттың сенімді өкілі – «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ-ің құқықтық-ұйымдастыру жөніндегі маманы Жұмабай Аманқұлұлы Мұхаметәлин қатысушыларды А. С. Таспиховтың өмірбаянымен таныстырды және Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткердің Сайлауалды платформасының негізгі бағыттары мен Бағдарламасы туралы айтып өтті.