Павлодар қаласындағы «Келешектің пирамидасы» акциясы
01.06.2019Ағымдағы жылғы 1 маусымда «Ертіс адалдық алаңы» Жобалық офисі «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қоғамдық бірлестігінің қолдауымен Павлодар қаласының орталық жағажайында және қалалық мәдениет саябағында «Келешектің пирамидасы» атты акция өткізді. Акция өскелең ұрпаққа қатысты үш әлеуметтік бағытты қамтыды.
Бірінші блок денсаулық сақтау саласы – кәмелетке толмаған жастардың салауатты өмір салты;
Екінші блок құқық қорғау саласы – балалардың өмірі мен денсаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалардың жарақаттануына жол бермеу;
Үшінші блок білім беру саласы – оқушылардың жазғы каникулын тек демалысқа қана емес білім шыңына жету үшін де пайдалану.
1 маусым күні Павлодар қаласының орталық жағажайы мен қалалық мәдениет саябағында ата-аналар демалысты балаларымен бірге көңілді өткізуімен қатар өздерін толғандырған мәселелер бойынша мамандардан кеңестер алу мүмкіндігін пайдаланды.
Денсаулық сақтау басқармасы денсаулық қалашығын құрды, онда басқарма басшысы Ораз Мұқашев ата-аналар мен балаларға медициналық кеңестер кеңестер берді.
Полиция қызметшілері жолды жаяу жүргіншіге арналған жерде ғана кесіп өту, велосипедпен жүру, ашық су қоймаларында шомылу секілді балалар қауіпсіздігіне басты назар аударды.
Ал жергілікті авто жүргізушілер акцияға белсенділікпен қатысып, көліктеріне «Мен балалар қауіпсіздігі үшін!» деген жапсырма жапсырды.
Облыстың білім басқармасы мен Павлодар қалалық білім бөлімі балабақшаларға, мектептерге тіркеу, бір білім мекемесінен екінші мекемеге ауысу тәртіптері туралы түсініктеме берді.
Сонымен қатар «Ертіс адалдық алаңы» Жобалық офисі мен «Павлодар облысының мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» Қ.Б. өкілдері облыстық балалар ауруханасына барып балаларға сыйлықтар үлестірді, көңілді бағдарламалар өткізді.
Шара қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар 185 азаматқа кеңестер мен түсініктемелер берді, 3000-нан астам адамға буклеттер таратылды, 100 адам анкеталық сұрақтарға жауап берді.