Балаларға жасалған қамқорлық – болашаққа жасалған маңызды қадам
26.08.2026«Мектепке жол» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш кәсіподақ ұйымының атынан Кәсіподақ төрағасы Бейсен Мұхтар Ибатбекұлы жаңа оқу жылына орай, мекемедегі кәсіподақ мүшелерінің балаларына 150 мектеп сөмкесі мен қажетті кеңсе-оқу құралдарын табыстады.

Бұл кәсіподақ ұйымының бүлдіршіндерге қолдау көрсетіп, жаңа оқу жылын жақсы көңіл-күймен бастауына үлес қосуға бағытталған игі іс-шарасы болды.
Әр баланың қуанышты күлкісі – біз үшін ең үлкен марапат!
Жаңа оқу жылы барша оқушыға сәттілік, жақсы жетістіктер мен жарқын мүмкіндіктер әкелсін!
Олардың білімге деген қызығушылықтары артып, армандарына нық қадам баса берсін!
Қолдау көрсетіп отырған кәсіподақ ұйымына мың алғыс!
Үлгілі істер – үздікке жетелейді!

Олардың білімге деген қызығушылықтары артып, армандарына нық қадам баса берсін!
Қолдау көрсетіп отырған кәсіподақ ұйымына мың алғыс!
Үлгілі істер – үздікке жетелейді!

