Тұран ауданының жұмысшыларымен кездесу өтті

Тұран ауданының жұмысшыларымен кездесу өтті

07.07.2026 Off By Администрация сайта

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының мүшелік ұйымы – Шымкент қаласының Тұран ауданы әкімі аппаратының «Тұран» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысшыларымен кездесу өткізіліп, кәсіподақ мүшелерінің қал-жағдайларымен танысты.

Кездесуде «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Әуесханов Серік Елемесұлы жиынға қатысушыларды «6 шілде – Астана күні» мемлекеттік мерекесімен құттықтап, Шымкент қаласын таза ұстаудағы, көгалдандырудағы және қалалық жайлы ортаны қалыптастырудағы жұмыстарына қосқан ерекше еңбектерінің үлестері үшін, оларға салалық кәсіподақ атынан шынайы алғыстарын айтып, мекеменің белсенді жұмысшыларына «Қызмет» салалық кәсіподағы Шымкент қалалық филиалының «Еңбек озаты» төс белгілерін, «Құрмет грамоталарын» және «Алғыс хаттарын» табыстады.
Марапаттарыңыз құтты болсын!