Ауылдың өркендеуі жолындағы еңбек
26.06.2026«Қызмет» салалық кәсіподағының Қостанай облыстық филиалының төрағасы Гүлнәр Донбаева әлеуметтік әріптестермен – «Қостанай арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету балалар орталығы» КММ басшысы Гүлжанат Тазибековамен және мекеменің заңгері Айнагүл Саутбаевамен жұмыс кездесуін өткізді.
Еңбек заңнамасы мен әлеуметтік әріптестік мәселелерін жан-жақты талқылау мақсатында кездесуге Қостанай облысының Кәсіподақтар аумақтық бірлестігі жанындағы заң клиникасының меңгерушісі Асет Исмағамбетов қатысты.
Кездесу барысында мекеменің ұжымдық шартына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қаралды. Әсіресе, заң клиникасы ұсынған, қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктерін кеңейтуге және олардың құқықтық қорғалуын күшейтуге бағытталған ұсыныстарға ерекше назар аударылды.
Сындарлы диалог нәтижесінде қызметкерлердің еңбек құқықтары мен заңды мүдделерін нығайтуға, олардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға және еңбек саласындағы қосымша кепілдіктерді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін нақты ұсыныстар әзірленді.
Ұжымдық шартты жетілдіру – әлеуметтік әріптестік қағидаттарын нығайтудың, қолайлы еңбек жағдайларын қалыптастырудың және қызметкерлердің өмір сүру сапасын арттырудың маңызды қадамы.



