Париж маңында Еуропа қазақ жастарының дәстүрлі футбол чемпионаты өтті

Париж маңында Еуропа қазақ жастарының дәстүрлі футбол чемпионаты өтті

24.05.2026 Off By Администрация сайта

     Парижде өткен құрылтай аясында футболдан турнир өткізілді. Францияның Париж қаласына жақын орналасқан Гарж-ле-Гонесс (Garges-lès-Gonesse) қаласында Еуропадағы қазақ жастарының қатысуымен ірі футбол чемпионаты өтті.

Турнирдің басты мақсаты – шетелде жүрген қандастардың басын қосу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастар арасындағы байланысты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау.

       Турнир қорытындысы бойынша 1 орынды Нидерландық команда иеленді.

      Еуропадағы қазақ диаспорасының жастары арасындағы футболдан дәстүрлі турнирлер мен отандастардың ауқымды басқосулары жыл сайын әртүрлі еуропалық қалаларда ұйымдастырылады.