Бүгінде қоғамдық институттардың рөлі одан әрі арта түсуде!
15.04.2026Алматы қаласы бойынша Қызмет салалық кәсіподақ филиалының төрағасы Данагүл Айнақұлова:Республикалық референдум қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан Алғыс хат алу мен үшін үлкен мәртебе.
Референдумға дайындық және оны өткізу кезеңінде Жалпыұлттық коалиция мүшесі ретінде мен әріптестеріммен бірге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына қатыстым. Еңбек ұжымдарымен және жұртшылық өкілдерімен кездесіп, жаңартылған Конституцияның негізгі ережелерін және олардың еліміздің болашақ дамуы үшін маңыздылығын талқыладық.
Бұл марапатты мен тек жеке еңбегіме берілген баға деп қабылдамаймын. Оны кәсіподақ қауымдастығының белсенді азаматтық ұстанымын және қоғамдық ұйымдардың қоғамдық диалогты нығайтуға әрі азаматтық қоғамды дамытуға қосып жатқан үлесін мойындау деп білемін.
Бүгінде қоғамдық институттардың рөлі одан әрі арта түсуде.Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетті дамытудың түйткілді мәселелерін талқылауға азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың қатысуын кеңейтуге бағытталған жаңа қоғамдық-мемлекеттік институт — Халық Кеңесін құруды ұсынды.
Мемлекет пен қоғам арасындағы диалогтың одан әрі нығаюы еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің маңызды факторы болатынына сенімдімін.
Әріптестеріме және серіктестеріме қолдау көрсетіп, бірлесіп атқарған жұмыстары үшін алғыс айтамын!

