Тазалық өзімізден басталады: кәсіподақтар сенбілікке шықты

Тазалық өзімізден басталады: кәсіподақтар сенбілікке шықты

13.04.2026 Off By Администрация сайта

11 сәуір күні Қостанай қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қостанай облыстық филиалы «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ бастауыш кәсіподақ ұйымдарының мүшелерінің қатысуымен облыстық сенбілік өтті.

Облыс орталығында мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және қаланың белсенді тұрғындары бірлесе отырып Триатлон-паркі аумағын тазалау, абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, жасыл аймақтар мен іргелес аумақтарды ретке келтірді.

Өңірдің барлық аумағында, әрбір аудан мен қалада, ауылдық округтерде, медициналық-әлеуметтік мекемелер аумақтарында салалық кәсіподақ мүшелері отбасы мүшелерімен бірге белсенді түрде күрек, тырма, сыпырғыш алып, саябақтарды, көшелерді, жаяу жүргіншілер жолдарын тазалап, ескерткіштер мен обелисктерді ретке келтірді.

Бұл бірлескен акция кәсіподақтар, мемлекеттік құрылымдар және қоғам өкілдерінің өңірдің экологиялық жағдайын жақсарту мен абаттандыруға бағытталған күш-жігерінің бірігуінің жарқын үлгісіне айналды.